14 Қаңтар, 2021 NEWS
Фото: Qamshy.kz
Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan фракциясы атынан премьер-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы ұсынылса, оны қолдауды сұрады.
– Барлық қиындыққа қарамастан, үкімет өз жұмысын орындады. Басқа елдердің жанында біз жақсы нәтиже көрсеттік. Егер президент үкімет басшысы лауазымына Мамин Асқар Ұзақбайұлын ұсынса, фракциядан оның кандидатурасын қолдауды сұраймын, – деді Назарбаев.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын партияның мәжілістегі фракциясының жетекшісі лауазымына ұсынып, ұсыныс қабылданды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір