• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:32:54
Алматы
+35°
Алматы облысының соты карантинге жабылды. Бұл туралы соттың facebook парақшасында хабарланды.
 
"Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы "Алматы облыстық соты" РММ ғимаратында және аумағында карантиндік шаралар енгізу туралы" қаулысымен: облыстық сот және оның аумағында 2021 жылдың 20 қаңтарынан 2 ақпанына дейін карантин шаралары енгізілді" делінген хабарламада.
 
– Қаулыға сәйкес:
  • соттың жұмысы қашықтан жұмыс режиміне толық ауыса отырып, толығымен тоқтатылады;
  • сот ғимаратына СЭҚ қызметкерлерінен басқаларының келуіне қатаң тыйым салынады;
  • осы мерзімде қарауға тағайындалған істер кейінірек мерзімге ауыстырылады, тағайындалған күні мен уақыты туралы ақпарат қатысушыларға қосымша жолданады;
  • ҚПК-нің 107-бабына сәйкес келіп түскен материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтан қарайды, – деп жазды Алматы облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының міндетін атқарушы Е.Айтжанов.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір