• USD 427.15

  • EUR 519.12

  • RUB 5.96

  • CNY 66.84

12 Маусым, 20:26:48
Алматы
+19°

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) бір топ ғалымы коронавирустың шығу себебін анықтау үшін Уханьға аттанған. Зерттеу жүргізу барысында Уханьдағы вирусология ғылыми базасы жойылғаны анықталды. "Ол зерттеу жұмысына көп көмегін тигізетін еді" дейді ғалымдар.

Қытай мамандары көктемде пандемия жариялағанда ғылыми базада қандай жұмыстар атқарғанын ғылыми база арқылы білуге болатын еді.

NBC News осы туралы ақпарат жинап, видео жариялады. Онда аталмыш базада 20 мың жазба бар болғаны туралы айтылады. Ухань зертханасының жоғары лауазымдағы қызметкері жазбалар қауіпсіздік үшін қажет болғанын айтады.

ДСҰ ғалымдары Қытай билігі коронавирус инфекциясы туралы шындықты айтқысы келген журналистерді, ақпарат жеткізуші басқа да адамдарды соттағанына қарамастан әлі дөп басып ештеңе айтуға болмайтынын жеткізді.

ДСҰ-ның сарапшылар тобының бір мүшесі Питер Дасцак қытайлар бұған дейін жарияланбаған ақпаратты бергенін айтады.

Қытай вирусологтары вирус Қытайда емес басқа елде пайда болғанын айтады. Оның ішінде Қытайдың ауруды  алдын алу мен бақылау орталығының бас эпидемиологы У Цзунью да бар.

ДСҰ-ның денсаулық сақтау саласы бойынша атқарушы директоры Майкл Райан вирустың нақты қайда пайда болғанын айту ерте екенін жеткізді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір