• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:24:46
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрлігінің жалпы отырысында министр Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарындағы ғылым саласы бойынша мәселерді айтты.

– Мемлекет басшысы ғылым саласын дамыту мәселесін ерекше назарда ұстап отырғанын жақсы білесіздер. Ғылым саласын қаржыландыру бойынша да, басқа мәселелер бойынша да үлкен көмек көрсетіп отыр, мәселелер шешіліп жатыр. Сондықтан бізге мұны дұрыс игеріп, дұрыс жолға қойып, жұмысты ашықтық қағидасымен ұйымдастыру өте маңызды. Сондықтан осы тұрғыда жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз.

Жоғары оқу орындары да осы жұмысқа белсенді қатысуға тиіс. Жиналыс кезінде ректорларға да осы мәселені айттым. Әр факультетте декандардың ғылым жөніндегі орынбасарлары бар. Кафедра да ғылыммен айналысады, ғылым бойынша есебін тапсырады. Ғылым жөніндегі проректорлар да бар. Бірақ осының бәрі болғаннан кейін жұмыс та, нәтиже де болуы керек қой. Коммерциализация кеңселерін ашып қойдық. Бірақ соның мазмұны қайда? Осы мәселелерге ерекше назар аударып, біздің жоғары оқу орындары осы жұмысты белсенді орындауы керек, – деді министр. 

Министр биыл ғылым саласындағы цифрландыру мәселесін, постдокторантура мәселесін шешу қажет екенін атап айтты.

– Бюрократиялық кедергілерді жою керек. Басқару жүйесінде де әртүрлі бюрократиялық кедергі көп. Оны өздеріңіз білесіздер. Біз біразын жойып, алып тастадық. Бірақ десек те, әлі бар. Бізге керегі: ғылыммен айналысатын әріптестерімізге тек өз жұмысымен айналысуға жағдай жасау. Әртүрлі қағазбастылық, әртүрлі есеп беру, деңгейлерден өту дегендердің өзі әрине, үлкен кедергі. Осыны да бәрін биыл шешуіміз керек.

Кадр даярлау мәселесіне де комитет көңіл аударуы керек. Зертханаларды дамыту бойынша үлкен бағдарлама басталды, – деді Аймағамбетов.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Асхат Аймағамбетов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір