• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 16:09:24
Алматы
+12°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Digital Almaty 2021" форумы қатысушыларына бейнеүндеу жасады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Аталған шараға ЕАЭО үкіметтерінің басшылары, Еуразиялық комиссия және ТМД атқару комитетінің жетекшілері, сонымен қатар, цифрландыру саласының сарапшылары мен мамандары қатысып жатыр.

– Қазақстан президенті пандемиядан кейінгі кезеңдегі цифрландыру мәселесі жайындағы ойымен бөлісті. "Болашақ – технологиялар мен инновациялардың еншісінде екенін жақсы түсінеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын және ауқымды деректерді талдауды дамыту туралы айтты. Бұдан бөлек Президент ЕАЭО елдерінің цифрлық ынтымақтастығы бойынша бірқатар өзекті бағыттарды атап өтті" делінген желідегі жазбада.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір