14 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: newtimes.kz
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин шараларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Қаулыға сәйкес:
- сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің жұмысына тұрақты режимде рұқсат етіледі;
- ұжымдық іс шараларды өткізуге тыйым салынады;
- Жұмыс және демалыс күндері ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарларына штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Адам толымдылығы 30%-дан аспайтын және 4 шаршыдан кем емес жабық және азық-түлік емес жабық базарларға әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, рұқсат беріледі;
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарына адамдар алдын-ала жазылу бойынша қабылданады;
- 50 адамға дейін қатысатын мәдени нысандар мен концерт залдарының жұмысына (репетиция), залдарды 30%-дан аспайтын театрлардың, кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етіледі;
- діни объектілердің қызметіне рұқсат етіледі.
Аталған қаулы 15 ақпан күні күшіне енеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір