• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Мамыр, 12:09:35
Алматы
+35°

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады elbasy.kz сайты.

"Елбасы Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты" делінген жеделхатта.

"Нұртілеу Иманғалиұлы саналы ғұмырын қазақ телевизиясының өркендеуіне арнады. Ол қатардағы тілшіден Ұлттық арнаның басқарма төрағасына дейінгі жолдан өткен нағыз майталман маман болатын. Оның қоғамдағы көкейкесті мәселелерді арқау етіп, әлеуметтік астарын аша білген айшықты авторлық бағдарламалары ұмытылмай, ел есінде қалады. Шебер жүргізуші, сұңғыла сұхбатшы ретінде эфирдегі ерекше бейнесімен, өзіндік болмыс-бітімімен қалың көрерменді ұйыта білген талантты да танымал тұлға тәуелсіз еліміздің тележурналистикасын дамытуға зор үлес қосты.

Көпшіліктің көзайымына айналып, ықыласына бөленген абзал азаматтың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін" делінген жеделхатта.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір