• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:13:01
Алматы
+35°

Зейнетақы жинағын пайдалана отырып, ипотекасыз пәтер алу үшін қосымша құжат талап етіледі, деп хабарлады отбасы банкінің баспасөз қызметі.

Зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін ипотекасыз үй алу үшін банк мынадай кеңестер береді: 

• Егер жеке қаражат бөлігі қолма-қол ақшасыз, яғни банктік шотына аударылған болса, онда растаушы құжат ретінде аударылым туралы түбіртек (чек) жүктелуге тиіс.

• Егер сатып алу-сату шарты нотариуста рәсімделіп, пәтер құнының бір бөлігі нотариустың көзінше беріліп, бұл туралы сатып алу – сату шартында нотариус жазған болса, қосымша қолхат пен түбіртектің қажеті жоқ.

"Егер баспананы Бірыңғай зейнетақы жинағындағы қаражатты қолданып сатып алған болса, enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында растау құжаттарын (ПДФ-форматында) жүктеу кезінде сатушы пәтер құнының бір бөлігін қолма-қол ақшамен алғаны туралы қолхат бірге жүктелуі қажет" делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір