Адам өлтірді деп күдікке ілінген жүргізуші Алматы әкімдігінде жұмыс істемеген. Бұл туралы қала әкімдігі таратқан ресми мәлімдеме айтылды.

Ақпаратта жүргізушінің қызметі әкімдік қызметкері санатына жатпайтыны айтылған.

– Ажар Әбдірешеваның жұбайын өлтіргені туралы арыз-шағымы бойынша күдікті адам "Алматы қаласының шаруашылық басқармасы" ЖШС-да жүргізуші болып жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол штатта тіркелген. Жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттеріне байланысты жұмыста жоқ. Ол әкімдік қызметкері санатына да, мемлекеттік қызметші санатына да жатпайды. Ер адам әкімдікке қызмет көрсететін "Алматы қаласы шаруашылық басқармасы" ЖШС-да жұмыс істейді, – деді ЖШС директоры Қ. Баяманов.

Бүгін алматылық Ажар Әбдірешева қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа Instagram-да видеоүндеу жасаған. Оның айтуынша, күйеуінің өліміне әкімдіктің бұрынғы қызметкері – бас бухгалтердің жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін. Кейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Әбдірешева күйеуінің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алғанын хабарлаған.  

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы әкімдік

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір