Tesla және SpaceX компаниясының бас атқарушы директоры, миллиардер Илон Маск өзінің Марс ғаламшарының қатысты қызықты жобаларымен танымал. Оның жоспарына сәйкес, 2050 жылға дейін 1 миллион адамды Қызыл ғаламшарға қоныстандырмақ. Ол үшін Маск компаниясы 1000 жұлдызкеме жасайтыны хабарланды.

Миллиардердің сөзіне сәйкес, әрбір жұлдызкеме 100 адам алып жүре алады. Маск 2026 жылға дейін Қызыл ғаламшарға алғашқы адамдарды жеткізетінін айтады. 

Бір қызығы, Toby Li есімді әлеуметтік желі қоданушы Twitter парақшасында "Тағдыр туралы айта отырып, "сіз Фон Браунның 1953 жылы шыққан "Марс жобасы" кітабында адамдарды Марсқа әкететін Илон есімді адамды айтқанын білесіз бе? Керемет жаңалық" деп жазба жариялаған. 

Ал, оған Илон Масктың өзі жауап қайтарып, "Мұның шын екеніне сенімдіміз бе?" деп жазған.

Toby Li кітаптың ағылшын және неміс тіліндегі нұсқалары қолжетімді екенін айтып, "Илонға" қатысты жазылған беттерді жариялады. 

Ағылшын тіліндегі бет "24 тарау. Марс қалай басқарылады?" деп басталады. Ал, жарияланған неміс тіліндегі нұсқада "Илон" деп жазылған орын қызыл сызықпен қоршалған.

Ақпаратқа сәйкес, 1953 жылы белгілі неміс ғалымы Вернер фон Браунның  "Марс жобасы" кітабында Қызыл ғаламшардағы адамзатты "Илон" деп аталатын адамның басқаратыны жазылған

Ал, Вернер фон Браун екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германияның V-2 зымыранын жасауда маңызды рөл атқарған ғалым.

Соғыстан кейін 1500 неміс ғалымымен бірге құпия түрде  Америка Құрама Штаттарына қоныс аударылған. Американың ғарышқа ұшатын құрылғыларын зерттеуге үлес қосқан аэроғарыш инженері. Американың алғашқы жер серігі және Айға қонған "Аполлон" ғарыш кемесі фон Браун жасаған ракеталармен ұшырылған.

Браун "Марс жобасы" кітабында Қызыл ғаламшарға қоныстанғандарды "Илон" деп аталатын адамның басқартыны жазылған.

"Марс үкіметін он адам басқарды, оның жетекшісі жалпыға бірдей сайлау құқығымен бес жылға сайланды және Илон құқығына ие болды.

Илон мен оның кабинеті басқаратын парламенттің екі палатасы заңдар шығарды" деп жазылған Марс жобасы кітабында. 

Ілмек сөздер: Илон Маск Марс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір