• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:22:04
Алматы
+35°

 

Атырау облысы Құрманғазы ауылында 25 жастағы полиция қызметкері асылып қалған, деп жазады Ақ Жайық сайты. Ол Теңіз полиция бөлімінде кезекшінің көмекшісі болып қызмет еткен.

Полицейдің денесі стадиондағы турникте асылып тұрған жерінен табылған. Оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша іс қозғау мәселесі қарастырылып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Басылым бұл Атырау облысында наурыз айында болған алғашқы полицей қазасы емес екенін жазды.

20 наурызда Махамбет ауданы Орал өзінінің бойынан 25 жастағы полицейдің денесі табылған. Мүрде табылған жерде марқұмның көлігі де тұрған. Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.

Ал 19 наурызда Бас полиция басқармасында психолог болып істеген полиция лейтенанты үйінде көз жұмған. Қайғылы оқиға полицейдің үйлену тойына санаулы күн қалғанда болған. Атырау полиция басқармасының мәліметінше, құқық қорғау органы қызметкерінің қазасына сырқат себеп болған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: полицей қазасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір