• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:54:53
Алматы
+35°

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон болашақтағы ықтималды пандемия жағдайына әлем елдерінің дайындығын күшейту үшін жаңа жаһандық реттеу туралы 20-дан астам әлемдік көшбасшыға ұсыныс тастады.

Франция президенті Макрон мен Германия канцлері Ангела Меркель бастаған көшбасшылар әлемдегі ірі басылымдарға арналған мақаласында Ковид адамзатқа екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен сынақ болды деп мәлімдеді.

Олардың мәлімдемесінде тағы бір пандемия немесе денсаулық дағдарысы болып жатса, оны қалай еңсеру керектігі туралы айтылды.

Пандемия кезінде "бәрі қауіпсіз болмайынша, ешкім қауіпсіз болмайтыны" ескертілді.

Daily Telegraph газетіне және Франциядағы Ле Монде, Испанияда Эль Паис сияқты басылымдарға сұхбат берген 24 лидер шекаралас ынтымақтастықты құру үшін екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында жасалған шартқа ұқсас келісімшарт қажет деп санайды.

– Екінші дүниежүзілік соғыстағы күйреуден кейін саяси көшбасшылар көпжақты жүйені құру үшін бас қосты. Мақсаттары айқын болды: елдерді жақындастыру, оқшаулану мен ұлтшылдықтың азғыруларын жою.  Ынтымақтастық пен келісім рухында ғана қол жеткізуге болатын қиындықтарды, атап айтқанда бейбітшілік, өркендеу, денсаулық пен қауіпсіздікті дамыту қажет, – деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебресиес.

Көшбасшылардың пікірінше, елдер енді пандемияларды алдын ала болжауға, алдын алуға, анықтауға, бағалауға және оларға жоғары дәрежеде үйлестірілген түрде тиімді жауап беруге жақсы дайын болуы керек.

"Жаңа келісім адамдарды пандемия туралы ескертудің жақсы жүйесін құруға көмектеседі" деген олар вакциналар мен жеке қорғаныс құралдарын бөлуді және таратуды жақсарту керектігін көтерді.

Денсаулық сақтау саласында басқа пандемиялар мен басқа да төтенше жағдайлар болса, бірде-бір үкімет немесе көпжақты агенттік бұл қатерді жалғыз өзі шеше алмайтыны да айтылды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Пандемия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір