• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:38:29
Алматы
+35°

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы эпидахуал туралы баяндады.

– Қазіргі ахуал күрделі. Бірақ қыстан бері жасаған дайындығымыз қазіргі жағдайдан өтуге мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде 7 011 төсек-орын бар. Бос төсек-орын саны 44,9 пайыз (2 520 орын). Жансақтау бөліміндегі төсек-орындардың 62 пайызы бос. Сондықтан барлық жағдай Қоғамдық денсаулық сақтау ұйымының қолында, мәселе күнделікті бақылауда. Алаңдататын проблема жоқ. Себебі бәрі ауруханаға дер кезінде жатқызылып жатыр. Олардың саны 250-270 шамасында, 500-ге жеткен жоқ. Сондықтан қазіргі таңда локдаун, қаланы жабу деген әңгіме жоқ, – деді ол. 

Сондай-ақ Бекшин Рамазан айы қарсаңында тұрғындарға үндеу жасады.

– Біз қасиетті Рамазан айының қарсаңында үндеу жолдап жатырмыз. Естеріңізде ме, былтыр ауызашар кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артқан болатын. Осыны ескеріп биылғы Рамазан айында біздің азаматтарымыз ұжымдық іс-шараларды, соның ішінде үйге қонақ шақыруды азайтуларын сұраймыз, – деді бас санитар дәрігер.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір