• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:46:49
+35°
Елге "Спутник V" вакцинасының 2 млн дозасы жеткізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
 
– Қазақстанда өндірушілермен жүргізілген келіссөздерді ескере отырып, бірінші жартыжылдықта 6 млн-нан астам вакцина дозасын салдыру жоспарлануда, бұл тиісті контингенттің 64%-ын қамтуға мүмкіндік береді, – деді министр.
 
Алексей Цой сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде вакцинация жүргізу үшін жылжымалы егу пункттері іске қосылатынын,  8 сәуірде "электрондық үкімет" порталында "вакцинацияға жазылу" қызметін іске қосу жоспарланып отырғанын айтты.

– Ол үшін азамат "электрондық үкімет" порталына авторизациялануы және өтінім беруі қажет, онда тек тіркеу аймағы бойынша медициналық ұйымды көрсету қажет болады, содан кейін өтінім медициналық ұйымға бөлуге түседі. Медициналық ұйым вакцинация жүргізу уақытын көрсете отырып, өтінімдерді бөледі. Таратылғаннан кейін азамат "электрондық үкімет" порталында медициналық ұйымға баратын күнді және уақытты көреді, сондай-ақ қосымша SMS хабарлама алады, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: вакцинация

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір