• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:19:40
Алматы
+35°
Маңғыстау облысында заңсыз аң аулаған екі полицей жұмыстан босатылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев мәлімдеді.
 
– 26 сәуір 2021 жылы әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында браконьерлердің ізіне түсіп қуғаны бейнеленген бейнеролик таралған болатын. Олардың арасында ішкі істер органдарынан екі полиция қызметкері болды. Біздің қатарымызда мұндай қызметкерлерге орын жоқ. Бұл оқиғадан кейін екі қызметкер де орнынан босатылды. Браконьерліктің бірде-бір фактісі жазасыз қалмайтынын, ал қылмыскер қарапайым адам немесе құқық қорғау органдарының қызметкері болуына қарамастан жазаланатынын мәлімдегім келеді. Заң баршаға ортақ, – деп жазды facebook парақшасында облыстық полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев.
 
Бұған дейін 23 сәуірде Қызылсай табиғи паркінің аумағында заңсыз аң аулаған төрт қарулы адам ұсталғаны хабарланған. Ақтау қаласы тұрғындарының айтуынша, ұсталғандардың екеуі Маңғыстау ауданының учаскелік полиция инспекторлары болған.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір