• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:26:06
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясының таралу қаупі бойынша "қызыл" аймақта 9 өңір тұрғанын хабарлады. Бұл туралы ол үкімет отырысында айтты.

– Тәуекелі жоғары аймақта 9 өңір тұр. Оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары тұр. Өткен аптада Павлодар мен Жамбыл облысы "қызыл" аймаққа өтті. Эпидемиологиялық тәуекел орташа аймақта Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы және Маңғысту облыстары тұр. Ал Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта, – деді министр.

Жалпы ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны – 330 071, емделіп шыққандар  – 281 708, қайтыс болғандар – 3762.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір