• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:55:20
Алматы
+35°

Премьер-министр Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

– Вирустың репродуктивтілік индексі 0,95 құрайды. Ауруханалардағы төсек-орындар – 33, жан сақтау бөлімдері 26 пайызға толы. Дегенмен 6 өңір "қызыл" аймақта. Оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары тұр. Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы шамамен 3 млн екпе жасалды. Соның ішінде, алғашқы компонентпен 2 млн-нан астам, екінші компонентпен 1 млн-ға жуық адам вакцина алды, – деді үкімет басшысы.

Ол вакцина қорларын толтыру, егу пункттерінің санын арттыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

– Вакцинаның болу-болмауы бойынша ешқандай проблема жоқ. Қазір егу науқанын кеңейту пандемиямен күресуде ең маңызды міндет болып табылады. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге вакциналау қарқынын арттыруды тапсырамын. "Ashyq" мобильді қосымшасы қызмет көрсету саласында белсенді қолданылуда, – деді Мамин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір