• USD 426.77

  • EUR 509.95

  • RUB 5.89

  • CNY 66.34

18 Маусым, 11:06:56
Алматы
+23°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминге мемлекеттік қызметкерлердің санын кезең-кезеңмен қысқарту жұмыстарын жалғастыру керектігін айтты.

2018 жылы мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимі іске қосылып, оған Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Әділет министрлігі, бірқатар өңірдің әкімдіктері қатысқан.

"Жүргізілген тәжірибенің нәтижесінде жобаға қатысушы мемлекеттік органдарда кадрлардың алмасуы 4,9 пайыздан 3,5 пайызға дейін азайып, мемлекеттік қызметтің тартымдылығы арта түсті (конкурс 1 орынға 3,4 есеге артты), орталықта және аймақтарда еңбекақы төлеу алшақтығы 70 пайыздан 16 пайызға дейін қысқарды" деп мәлімдеген Асқар Мамин президент қабылдауында болғанда.

Тоқаев жергілікті атқарушы органдарда сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдарда ауқымды түрде жүзеге асыруды тапсырып, мемлекеттік қызметшілердің санын кезең-кезеңімен қысқарту және мемлекеттік аппараттың ұйымдық құрылымын оңтайландыру жұмыстарын жалғастыру керектігін айтты. Президент құрылымды қайта өзгерту нәтижесінде үнемделген қаржыны еңбекақы көлемін арттыруға бағыттау маңызды екенін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мемлекеттік қызмет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір