31 Мамыр, 2021 Алматы
Фото: qamshy.kz
ҚР Ұлттық кітапханасының конференц-залында 2021 жылдың 29 мамырында «1920-1950 жж. саяси қуғын-сүргіндер. Қайтарылған есімдер» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушы – Алматы қаласының әкімдігі.
«Дөңгелек үстелге» саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық, республикалық комиссияның, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің, Қазақстан Жазушылар Одағының, ҚР Президенті мұрағатының, республикалық этномәдени бірлестіктердің және т. б. басшылары қатысты.
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Д. Есдәулетов құттықтау сөзін сөйлеп, мемлекеттің дамуында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы маңызды кезең болғандықтан, осы жылдың ел үшін ерекше мәні бар екенін атап өтті. Ол, сондай-ақ, дөңгелек үстелге «Алаш Орданың» көрнекті қоғам қайраткері М. Тынышбаевтың ұлы – Шейх-Али Даулет Мұхамеджанұлының шақырылғанын, 1993 жылы Қазақстанда «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы қабылданғанын, 1997 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың шешімімен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланғанын атап өтті.
Одан кейін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық комиссия төрағасының орынбасары Б. Жанғұттин сөз сөйледі, ол қазіргі кезде Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғанын атап өтті.
Осыған байланысты қалалық комиссия құрылды, олардың негізгі міндеті 20-50 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толығымен заң және саяси ақтау болып табылады.
Оның айтуынша, комиссияның алдында көп еңбекті талап ететін жұмыс тұр, комиссия құрамында 51 адам жұмыс істейді, оның ішінде сарапшылардың 70%-ы ғылыми дәрежеге, ал 20%-ы магистр дәрежесіне ие. Бұл өте кәсіби құрам, бұл зерттеу жұмысында өте маңызды.
Дөңгелек үстел барысында М. Тынышбаевтың ұлы – 90 жастағы ақсақал Шейх-Али Даулет Мұхамеджанұлы сөз сөйлеп, өзінің әкесі, үреймен өткен балалық шағы, сол қиын жылдар, қуғын-сүргінге ұшыраған «Алаш Орда» көшбасшылары туралы әңгімеледі.
Одан кейін ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұ. Есдәулет сөз сөйледі. Сол қайғылы оқиғалар туралы естеліктерді сақтаудың маңыздылығын атап өткен ол жастарды тарихты зерделеуге және өз елін сүюге шақырды.
Іс-шарада ҚР Президенті Мұрағаты директорының орынбасары К. Әлімғазинов сөз сөйлеп, мұрағат материалдарымен жұмыс әдістемесі, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі республикалық комиссияның ағымдағы кезеңдегі жұмысының қорытындылары туралы айтып берді.
Сондай-ақ, белгілі ғалым профессор, тарих ғылымдарының докторы Х. Әбжанов сөз сөйлеп, Алаш Орда көшбасшылары Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Тынышбаевтың қайғылы тағдырлары, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық және республикалық комиссияның маңызы туралы айтты.
«Дөңгелек үстел» жұмысына Б. Қабдушев, Ш. Забих, З. Төленова, Р. Кәмшат, М. Губайдуллина, Г. Нұрбатырова, А. Өтеғалиева сияқты қалалық комиссия өкілдері, 20-50 жылдардағы қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері, халықтарды депортациялау, қазақ зиялыларының өкілдері Ж. Досмұхамедов, Т. Жүргенов, О. Жандосов, зерттеу және мұрағат жұмыстары туралы әңгімелеген К. Матыжанов, С. Борбасов сияқты ғалымдар қатысты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір