• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:43:05
Алматы
+35°

Қазақстанның тағы бір қаласы коронавирустың таралу деңгейі бойынша "жасыл" аймаққа кірді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысы "қызыл" аймақта тұр.

Алматы қаласы мен Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан  және Павлодар облыстары "сары" аймақта орналасқан. 

Ал "жасыл" аймақта Шымкент қаласы мен Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан  және Түркістан облысы. 

Бұған дейін Қостанай қаласы коронавирустың "сары" аймағында болатын.

эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір