• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:17:09
Алматы
+35°

Бір тәулікте елде 1058 адамнан коронавирус табылып, 70 науқастан пневмония анықталған. 10 адам коронавирустан, 4 адам пневмониядан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы ресми саны 401 272 адамға жетсе, 2020 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сәйкес, 56 202 адамнан пневмония анықталған.

13 маусымдағы ақпарат бойынша 21 413 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 6964 пациент стационарда, 14 449 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 528 адамның жағдайы ауыр, 106 пациенттің жағдайы өте ауыр, 72 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2021 жылғы 13 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 2 490 852, ІІ компонентпен 1 371 096 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір