• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:00:38
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте 967 адамнан коронавирус, 11 адамнан пневмония анықталғанын, 11 адам коронавирустан, 8 адам пневмониядан көз жұмғанын хабарлады.

Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы ресми саны 402 239-ге жеткен. Оның ішінде 4171 адам қайтыс болған. 2020 жылғы 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан статистикаға сай, 56 231 адам індетке шалдығып, 3415 адам қайтыс болған.

14 маусымдағы мәлімет бойынша, 21 537 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 7 075 пациент стационарда, 14 462 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 512 адамның жағдайы ауыр, 113 пациенттің жағдайы өте ауыр, 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

ДСМ мамырда пневмониядан қайтыс болғандардың санын күрт көбейтіп, оған 3 мыңға жуық адам қосқан. Министрлік бұл сандардың өлгендер статистикасына дер кезінде  қосылмауын деректердің қағазда болып келуімен, электрондық базаға кеш кіргізілуімен түсіндірген.

Қазақстанда коронавирус статистикасына байланысты бірнеше рет дау туған. Бастапқыда пневмония статистикасы мүлде жүргізілмеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары мен әлемнің бірнеше елінің және Қазақстанның баспасөз құралдары мәселеге назар аударған соң 2020 жылғы 1 тамыздан бастап министрлік пневмония статистикасын жүргізе бастады.

Қоғамда билік коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын әдейі төмендетіп көрсетіп отыр деген пікір бар. Статистика комитеті жариялаған дерекке сай, 2020 жылғы мамыр-шілде аралығында алдыңғы жылдарға қарағанда өлім жағдайы 30 мыңға артық тіркелген.

ДСМ коронавирус жұқтырып қайтыс болған кей азаматтардың статистикаға енбеуін олардың жанама сырқаттардан көз жұмғанымен түсіндіреді.

2021 жылғы 14 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 2 506 157 адам, II компонентін 1 384 029 адам салдырған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір