• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:12:49
Алматы
+35°

Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңға сәйкес Мәжілістің Заңнама   және  сот - құқықтық реформа комитетінің төрағасына депутат Арман Қожахметовтің кандидатурасын  ұсынды.

Нұрлан Нығматулин ұсынып отырған кандидаттың білікті  заңгер  осы салада  көптеген қызметтерді абыроймен   атқарып  келе жатқанын алға тарта келіп:

- Арман Төлешұлы   үш шақырылымда  Мәжіліс депутаты, соның ішінде, осы  Заңнама   және  сот – құқықтық  реформа  комитетінің  мүшесі  болып жұмыс істеді. Осы Комитеттің  жұмысын жақсы  біледі,  тәжірибесі де,  білімі де  жеткілікті, - деді.

  Айта кету керек, жалпы отырыс барысында осы уақытқа дейін Мәжілістің Комитетін басқарып келген Мәжіліс депутаты  Қанат  Мусинніңөкілеттігін  мерзімінен   бұрын  тоқтату туралыҚаулы қабылданды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұрлан Нығматулин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір