• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:41:09
Алматы
+35°

Оралда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өзін-өзі атып өлтірді деп хабарлады "Хабар 24" сайты.

Сайттың мәліметінше қайғылы оқиға 16 маусымда таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Сарбаз жедел облыстық ауруханаға жеткізілген, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Ол сол түні түзету мекемесінде күзетте болған. Марқұм Ақтөбе өңірінің тумасы. 

– Қарудан өз-өзін жаралады. Әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болған жоқ. Қазіргі таңда әскери тергеу органдарымен тергеу жүргізілуде. Әзірге басқа ақпарат бере алмаймыз, – деді Жәнібек Сәрсенов 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары.

Елде осыған ұқсас жағдайлар жиілеп кетті. Мамыр айында Жамбыл облысы Гвардейский кентінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өзіне қол жұмсаған. "82796" әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбазы Казарма ғимаратының 4-ші қабатындағы терезеден секіріп қайтыс болған. Ол қайтыс болардың бірнеше күн бұрын ғана ант қабылдаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір