• USD 431.41

  • EUR 452.94

  • RUB 6.92

  • CNY 63.83

20 Мамыр, 04:49:25
Алматы
+14°

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшыларын ереуілге әдейі итермелейтін компанияларға тексеріс жүргізуді тапсырды. Бұл туралы ол Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында айтты.

Тоқаевтың айтуынша, кейбір компаниялар халықты қалқан еткен болып, мемлекеттен ақша алуды көздейді. Кейін бөлінген ақшаны жұмысшыларға бермей, өз қалтасына басады. Президент еңбек дауларының едәуір бөлігі ҚазМұнайГаздың еншілес компанияларынан шығып жатқанын атап өтті. Олардың тарапынан тиісті жұмыс атқарылғанымен, бұл жеткіліксіз екенін алға тартты.

Президент Самұрық-Қазына мен ҚазМұнайГаз компанияларына бұл мәселемен мықтап айналысуды тапсырды.

– Кейбір жеке компания басшылары жұмысшыларын ереуілге әдейі итермелейді. Бұл компаниялардың тізімі менде бар. Мақсаты – халықты қалқан еткен болып, мемлекеттен ақша алу. Біз мұны білеміз. Олар бөлінген ақшаны жұмысшыларға бермей, өз қалтасына басады. Мұндай қитұрқы әрекеттің жолын кесу керек. Осындай компанияларға аудиторлық және тағы басқа тексеру жүргізу керек", - деді Тоқаев Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту туралы жиында.




"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір