• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:16:36
Алматы
+35°

Алматыда жол апатынан бір адам көз жұмды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.  

Оқиға Алатау ауданында 28 қыркүйекке қараған түні болған. "Mercedes" маркалы ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Боралдай зиратына барар жолда солтүстік бағытта келе жатқан. Ол тік бұрылысқа келіп, төмен түсіп көтеріліп келе жатқан сәтте, қарама-қарсы бетте келе жатқан "Toyota Avensis" маркалы  автомобилімен соқтығысқан. 

Соның салдарынан "Toyota Avensis" көлігінің жүргізушісі сол жерде қайтыс болды.  

Қазір полиция департаменті тергеу жұмыстарын жүргізуде. 

sputnik.kz

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жол апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір