• USD 431.41

  • EUR 452.94

  • RUB 6.92

  • CNY 63.83

20 Мамыр, 04:09:56
Алматы
+14°

НАТО қорғаныс министрлері Ресейдің бірнеше бағыттағы кез келген ықтимал шабуылынан қорғанудың жаңа бас жоспарын мақұлдады. Бұл – одақтың Қытайға көбірек көңіл бөлгеніне қарамастан, Мәскеуді тежеу жөніндегі негізгі мақсатын растады.

Құпия стратегия Балтық пен Қара теңіз аймақтарында ядролық қару, компьютерлік желілерді бұзу және ғарыш жасалатын шабуылдарды қамтитын кез келген басқыншылыққа дайындалуға бағытталған.

Келіссөзде жаңа цифрлық технологияларды дамыту үшін 1 миллиард долларлық қаржыландыруды қамтамасыз етуге келісім берілді. 

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг кездесуден кейін "Біз одағымызды жақсартылған және жаңартылған жоспарлармен нығайтуды жалғастырамыз" деді.

Германияның қорғаныс министрі Аннегрет Крамп-Карренбауэр қаржы мен келісім "Ресейдің қазіргі әрекеттеріне бейімделуге бағытталғанын" мәлімдеді. 

Крамп-Карренбауэр "Әсіресе, Балтық жағалауы елдері әуе кеңістігінің қауіпсіздігі (Ресей тарапынан) бұзылғанын, Қара теңізге шабуыл жиілегенін көріп отырмыз" деді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: НАТО Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір