• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:28:45
Алматы
+35°

Павлодар облысының тұрғыны 17 жасар баласын колледжге оқуға жібермей, ақша табуға мәжбүрлеген

Павлодар облысы Успен ауданының полициясына колледж басшылығынан студенттердің бірі 2 айға жуық себепсіз сабаққа қатыспағаны туралы өтініш түскеннен кейін жағдай жария етілді.

– Істің барлық мән-жайларын қарау үшін біз аталған студентті, сондай-ақ Павлодар облысының Ақсу қаласында тұратын оның анасын анықтадық, – деді Успен ауданының ювеналдық полиция аға инспекторы Дамира Букаева.

17 жастағы жасөспірімнің анасының айтуынша, бала шаруа қожалықтарының бірінде көкөніс жинау үшін жұмыс істегендіктен сабаққа қатыспаған және сабаққа баруға уақыты болмаған.

– Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және білім беру бойынша міндеттерін орындамағаны үшін ата-ана Әкімшілік құқық бұзушылық 127-бабының 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау) бойынша, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті.

Отбасының оқу орнынан құжаттарды алып кететіні атап өтілді, өйткені жасөспірім жиеніне қарау керек. Мемлекеттік органдар бұл жағдайда отбасына көмектесуге дайын ба, жоқ па әлі хабарланған жоқ.

Бұл жалғыз жағдай емес. Павлодар полицейлері 2021 жылы кәмелетке толмаған балаларды тиісінше тәрбиелемегені үшін 382 заңды өкілді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Павлодар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір