22 Қараша, 2021 NEWS
Фото: gorod.lv
Қазгидромет 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанда солтүстік-батыс циклоны мен оның фронталды бөлімдерінің әсері сақталады. Сондықтан ауа райы тұрақсыз болып, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жауады, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде қар күтіледі.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болжанады.
Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 2-10 градустан 18-23 градусқа дейін, күндіз 5 градус суықтан 5-15 градусқа дейін аяз күтіледі.
Орталықта және шығыста түнде 0-8 градус суық, күндіз 3 градус суық, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 6 градус суық, күндіз 9-17 жылы болады деп болжанып отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір