• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 19:24:15
Алматы
+12°

Қарағандылық азамат Ресейден көлік әкеліп беремін деп шымкенттік жігітті алдап кетті, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. Арызданушының айтуынша, танысы Ресейден автөкөлікті арзан бағамен әкеліп беремін деп алдаған.

"Тұрғынды сендіріп, 150 мың теңгесін иемденген. Алайда арада уақыт өте не көлік әкеліп бермеген, не ақшасын қайтармаған. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісіп, Қарағанды қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы анықталуда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде" делінген ақпараттық хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір