• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:31:33
Алматы
+35°
Көктемгі егіс жұмыстары үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 400 мың тонна дизель отыны бөлінді. 2022 жылдың ақпан-сәуір айларында оның 231 мың тоннасы немесе 92% жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті.
 
– Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жөнелту басым негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте тиеп-жөнелтуді бақылау және мониторингтеу тәулік сайынғы негізде жүргізіледі. Көктемгі егіс жұмыстарына арналған дизель отынының бағасы мұнай өңдеу зауыттарында 1 тоннасы үшін 212 мың теңгені (литріне 176 теңге) құрайды. Өңірлерге дейін жеткізуді және сақтауды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін болжамды баға бөлшек сауда бағасынан орташа алғанда 15-30%-ға төмен болады. 2019 жылмен салыстырғанда баға өсімі 8,4%-ды құрайды немесе жыл сайынғы өсімнің 3%-ынан аспайды, – деді спикер.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір