• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 07:59:02
Алматы
+8°

2022 жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін жоғарылады. Осыған байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейі, зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің мөлшері өзгеріске ұшырады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, елдегі қымбатшылық деңгейінің жоғары болуына байланысты 2022 жылға инфляция дәлізі 4-6%-дан 8-10%-ға дейін ұлғайтылған.

"Осыған байланысты, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап барлық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қолданылатын айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін және ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеден 37 389 теңгеге дейін өсті. Осыны ескере отырып, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылардың мөлшері қосымша 4%-ға арттырылды. Жалпы алғанда 2022 жылы зейнетақы төлемдерінің өсуі алдыңғы жылға қарағанда 11%-ды (инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып), базалық зейнетақы төлемі мен жәрдемақылардың өсуі 9%-ды құрады" делінген комитет хабарламасында.

Ал айыппұл мөлшері өзгеріссіз қалмақ. Айыппұл санкциялары, салықтар және ҚР заңнамасына сәйкес басқа да төлемдер үшін жыл соңына дейін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген 3 063 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданыла береді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АЕК қымбатшылық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір