• USD 466.44

  • EUR 487.71

  • RUB 8.56

  • CNY 69.65

01 Шілде, 23:17:01
Алматы
+22°

Нұр-Сұлтан қаласының іргесінде 16 гектар аумаққа алып резиденция салынып жатыр. Бұл туралы Азаттық радиосының журналистік зерттеуінде айтылады.

Басылым мәліметінше, қалалық әкімдік резиденция кімге тиесілі екенін ашып айтпаған, тек  ғимарат "ресми тұлғаларға" арналып салынып жатыр деумен шектелген.

Қаржы министрлігі мен құрылыс компаниясы Азаттық радиосының сауалына құрылысқа бөлінген қаржы мен тапсырыс беруші туралы ақпарат "құпия" деп жауап берген.

Алып резиденция кім үшін, бастысы қандай қаражатқа салынып жатқаны белгісіз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: резиденция

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір