• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:07:15
Алматы
+12°
Ресейдің Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастық ұйымындағы өкілі Кирилл Барский Қазақстан Мәскеудің посткеңестік экономикалық одақ құру мен еуразиялық серіктестік аясын кеңейту туралы жоспарларына деген энтузиазмын жойды деген пікір бірдірген. The Epoch Times басылымы Барскийдің сөздері Мәскеудің Азия аумағында антибатыстық коалиция құруға талпынысы текке кете ме деген қорқынышын аңғартады деп жазды.
 
 
"Біздің одақ ішінде бірқатар проблемалар бар. Қазақстан соңғы кезде Еуразиялық экономикалық одақ пен "Үлкен Еуразия" жобаларына қатынасуын тежей бастады. Бұл алаңдатарлық жайт" деді Барский Ресей парламентінде сыртқы саясат жөнінде өткен конференцияда.
 
Кирилл Барский Ресей мәселеге назар аударып, Қазақстан ұйым жұмысына белсенді араласуы үшін не керектігін анықтауы қажет деп санайды.
 
The Epoch Times Қазақстан Ресей жетекшілік ететін блоктардағы жұмысын бәсеңдетуге ниетті екенін ешқашан мәлімдемегенін, алайда Украинаға басып кіруіне байланысты Ресейге салынған батыс санкцияларын орындауға келіскенін жазған. Алайда басылым шетелдік компаниялар ресейліктерге тікелей өнім сатуды тоқтатқандықтан, Қазақстаннан Ресейге ұялы телефондар секілді кейбір тауар экспорты артқанына назар аударған.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір