• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Шілде, 07:48:18
Алматы
+35°

Ел басына күн туғанда халықтың шарасыздығын бас пайдасына асыратындар тиылмай тұр.

Атырау облысында қарғын судың қаупін сейілту үшін қолдан бөгет жасап, аянбай еңбек етіп жатқандардың бірі – жергілікті белсенді Рүстем Баязиев әлеуметтік желі арқылы Атырау облысының әкімдігі мен салық комитетіне үндеу жолдады. Белсенді бөгет салу жұмыстарына күрек, қап, қолғап жетіспей жатқанын жеткізіп, бұл заттардың базарда да тапшы екенін, қаптың барлығы бір қолға өтіп, бағасы 200-300 теңгеден сатылып жатқанын күйіне айтқан. Сонымен қатар су басқан ауыл тұрғындары жаппай қалаға көшіп келуіне байланысты, жалдамалы пәтерлердің күндік бағасы 15 мың – 20 мың теңгеге дейін күрт өскені атап өтіп, жергілікті биліктен бағаны реттеуді талап еткен.

Заңгер Марғұлан Шыныбаев бағаны негізсіз өсіру әрекеттері Қаржы нарығын реттеу агенттігінің міндетін дұрыс атқармай отырғанын салдары екенін айтады. Маманның сөзінше, осындайда азаматтар тиісті жерге арызданып, бағаны негізсіз көтерген кәсіпкерді жауапқа тарта алады.

– Бізде Қаржы нарығын реттеу агенттігі бар. Агенттік осындай жағдайларды бақылап, хабарлама беріп, егер орындамаған жағдайда кәсіпкерді жауапқа тартуға міндетті. Одан бөлек салық органдары жұмыс істейді. Азаматтар бағаны негізсіз көтеру жағдайы тіркелген кезде осы екі органға арыз түсіруіне болады. Егер бағаны негізсіз көтергені анықталса, кәсіпкерге айыппұл салады. Бұл – әкімшілік кодекспен реттелген. Ол жерде "өзінің кәсіпкерлік құқығын асыра қолдану" деген бап бар, – дейді заңгер.

Одан бөлек жергілікті әкімдіктің де бағаларды қадағалау функциясы бар. Егер әлеуметтік маңызы бар тауардың бағалары көтеріліп жатса, кәсіпкерлерге алдымен ескерту беріледі. Егер кәсіпкер ескертуге құлақ аспаған жағдайда 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Қайталанған жағдайда 200 АЕК айыппұл салынуы мүмкін.

Маманның айтуынша, жергілікті әкімдікпен келісіп, көп көлемде керек тауарларды әлеуметтік маңызы бар 19 тауар тізіміне қосып, көтерме бағасын 15%-дан асырмайтындай шектеу қоюға болады.

Бағлан Тұрғанбек

Бағлан Тұрғанбек

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір