• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 07:02:18
Алматы
+35°

27 Маусым, 2018 Әлеумет

Ескендір Сүлейменовтің қалыңдығы: Хатым сол күйі оқылмай қалды

Олжас Сүлейменовтың қайтыс болған немересі Ескендір Сүлейменовтың қалыңдығы Алуа Бекқожа сұхбат берді.

Олжас Сүлейменовтың қайтыс болған немересі Ескендір Сүлейменовтың қалыңдығы Алуа Бекқожа Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат берді. Сұхбаты барысында Алуа Ескендірдің мотоцикл айдауына түбегейлі қарсы болғанын айтады. Алайда жігіт мотоцикл алуды бала кезінен армандаған екен. Тіпті ата-анасы да қарсы болған көрінеді.

«Ескендір бір істі қолына алса, соңына дейін жеткізбей қоймайды. Мотоцикл алуды бала кезінен армандады. Алмауын өтіндім, тіпті «не мені, не мотоциклі таңдауын» талап еттім. Бірақ мұнымнан түк шықпады», - деп есіне түсірді Алуа.

Ескендір мен Алуа бірнеше уақыт жақын достар болып араласып жүрген. Уақыт өте келе екі жас екеуіне ортақ ерекше сезімнің барын байқайды, олар бір-біріне достардан да жақын еді. Екі ай бұрын жігіт қызға үйленгісі келетінін айтып ұсыныс жасайды, бір-бірінің ата-аналарымен танысады. Жақын уақытта дүркіретіп той жасамақ ниетте болған екен. Алайда тағдырдың ісіне шараң бар ма?! Жастардың мәңгілік бірге болуын жазбаған екен.

Алуа сүйіктісінің адамгершілік қасиеттері жайлы сыр шертті.

«Ескендір ақ жарқын жігіт еді. Өзгелерден оны ерекшелеп тұратын көркем мінезі болды. Мейірімді еді, адамдардың тек жақсы жақтарын көретін», - деді қыз.

Ал Ескендірдің қазасы жайлы хабарды Алуа жұмыста болғанда естіген. Өмірін арнамақ болған сүйіктісінің ендігі жоқ екеніне қыз әлі сенбейді. Жол апаты болар күн бұрын екеуі желі арқылы сөйлескен екен. Алайда Ескендір Алуаның соңғы жазған хатын сол күйі оқымады. 

Айта кетейік, Ескендір Сүлейменов  22 маусымда Астанадағы Мәңгілік ел – Керей-Жәнібек көшелерінің қиылысында жол апатынан қайтыс болды. Оны туыстары Алматы қаласында жерледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір