• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:53:08
Алматы
+35°

03 Сәуір, 2018 NEWS

Ratel.kz және Forbes Kazakhstan журналистерінің ұсталғаны хабарланды

Екі редакцияда тінтудің не үшін жүргізіліп жатқаны әзірге белгісіз.

Бүгін Алматыда Ratel.kz және Forbes Kazakhstan журналистерінің ұсталғаны хабарланды.

Алматыда Ratel.kz сайтының бас редакторы Марат Әсіпов, орынбасары Сапа Мекебаев және журналист Анна Калашникова ұсталды.  Бұл туралы сайттың Facebook-тегі парақшасында хабарланған.

Forbes Kazakhstan журналының шығарушысы Арманжан Байтасовтың хабарлауынша, бүгін түске таман Ratel.kz және Forbes Kazakhstan журналының редакцияларын полиция тінтіп, тірнтуге келгендердің бір тобы журнал бас редакторының орынбасары Александр Воротиловты алып кеткен.

«Кеңсеге 12 адам кіріп келгенде біз жұмыс істеп отырғанбыз. Біздің өтінішімізбен олар құжаттарын көрсетті: Алматы ІІД полиция қызметкерлері екенін білдік. Олар екі топ болып келді. Алдымен бәрімізді кабинеттен шығарып, телефондарымызды тапсыруды бұйырды. Кабинетте орынбасарым Александр Воротилов қалды. Бәріміз қалғымыз келген, алайда шығуымызды талап етті», - деді басылымның бас редакторы Асқар Әукенов.

Екі редакцияда тінтудің не үшін жүргізіліп жатқаны әзірге белгісіз.

2017 жылы Алматы соты бұрынғы қаржы министрі, бизнесмен Зейнолла Кәкімжанов пен ұлы Илхалид Кәкімжановтың пайдасына Forbes Kazakhstan және Ratel.kz-тен 50 миллион теңге өндіріп беру туралы шешім шығарған.

Ratel.kz пен Forbes.kz журналистік зерттеулерінде «Зейнолла Кәкімжановтың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар» деген тұжырым жасаған. Сот сонымен қатар Forbes.kz сайты мен оның әлеуметтік желілердегі аккаунттарынан 10 мақаланы жоюға және тағы тоғыз мақалада келтірілген мәліметтерді терістеуге міндеттеген. Ratel.kz сайты сот «шындыққа сәйкеспейді» деп тапқан 13 мақаланы жойып, терістеуге міндетті болған.

Сот шешімімен келіспеген басылым журналистері оған шағымданатынын мәлімдеген. 30 наурызда Алматы соты Ratel.kz сайтын бұғаттау туралы шешім шығарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір