Путиннен баспасөз хатшысы көп табыс табады

/uploads/thumbnail/20170708235056869_small.jpg

Кремль ел басшысы Владимир Путиннің табыс декларациясын жариялады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Кремль сайтында жарияланған мәліметтерге сенсек, Владимир Владимирұлы өткен жылы барлығы 8,9 миллион рубль табыс тапқан. Декларацияда сондай-ақ, Ресей президентінің меншігінде 1500 шашры метр жер учаскесі мен ауданы 77 шаршы метр болатын пәтері мен гаражы бары көрсетілген. Сондай-ақ, қазір 154 шаршы метрлік пәтерде уақытша тұратыны айтылады.

Сонымен қатар, В. Путиннің Газ М21, Газ М21-Р, Нива маркалы автокөліктері мен «Скиф» маркалы тіркемесі бар көрінеді.

Ал,  Лента.ру президенттің баспасөз хатшысы  Дмтрий Песковтың табысы басшысынікінен әлдеқайда көп екенін жазып отыр.  Д. Песковтың 2015 жылғы табысы 36,7 миллион рубльді құраған. Оның меншігінде екі пәтері, тағы бір пәтердің жарты үлесі, көлік тұрағы бары жарияланды. Одан басқа Д. Песков тағы екі жер учаскесі мен бір тұрғын үйді пайдаланып отырған көрінеді.

Бұдан басқа баспасөз хатшысының Тойота Лэнд Крузер автокөлігі бар. Ал, Д. Песковтың келіншегі Татьяна Пескова өткен жылы 89 миллион рубль табыс тапқан.

Связанные Статьи