Шетелдіктердің қазақ тіліне немқұрайлы қарауын сынға алған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасын атыраулық әріптесі Нұрлан Ноғаев та іліп әкетті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Италияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Стефаоно Раваньянмен кездескен облыс басшысы Нұрлан Ноғаев әңгімені қазақ тілінде бастаған. Осы жерде жергілікті аудармашының тек орыс тілінен ғана аудара алатындығы белгілі болған. Абырой болғанда, кездесуге қатысып отырған Атырау мұнай-газ институтының ректорв Әли Әбішев облыс басшысының сөзін қазақшадан ағылшын тіліне тікелей аударып берген.
Елшінің аудармашысына Н. Ноғаев құр отырмасын деп Стефаоно Раваньянның сөздерін орыс тіліне аудартып қойған.
Қолайсыздықтан басталған кездесу соңында Италья елшісі облыс басшысына қазақ тілін жақын арада үйренетіні жөнінде уәде берген.