Елбасы Астанадағы сенбілікке қатысты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709002257711_small.jpg

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында өткен сенбілікке қатысты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Елбасы Астанада өтіп жатқан «Таза қала – бақытты қала» жалпықалалық сенбілігіне қатысты. 18 мамырға дейін созылатын бұл шара Елорданы абаттандырудағы маңызды іс-шара болмақ.

Сенбілік барысында Н. Назарбаев халықты көктем шуағын пайдаланып ағаш отырғызуға шақырды.

«Мен барлық Қазақстан азаматтарын, жастарды көктемгі жылы күн райын пайдаланып ағаш отырғызуға шақырамын. Егер әрбір азам өз туған күнінде бір ағаш отырғызса, онда елімізде жыл сайын жаңа 18 миллион ағаш егілер еді», - деді Елбасы.

Связанные Статьи