Еуропарламент IT-компаниялардың ата-аналары немесе қамқорлыққа алғандардың рұқсатынсыз 16 жастан кіші жасөспірімдер жайлы деректер жинауға тыйымды көздейтін заңнамаға түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл құжат 2018 жылы күшіне енеді.
Сонымен қатар, ішінде Ұлыбритания бар кей мемлекеттер ата-аналарының рұқсатын алу жасын 16-дан 13 жасқа дейін төмендете алады.
Facebook және Snapchat сияқты ірі интернет ресурстар тіркелу кезінде пайдаланушының 13 жасқа толуын талап етеді.