Алматыда түнгі клуб күзетшісі келушілердің бірін өлтіріп қойған

/uploads/thumbnail/20170709003005998_small.jpg

Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде күдікті келушіні байқаған екі күзетші дене жарақаттарын салған деп хабарлайды, Qamshy.kz порталы қалалық ІІД-ге сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қауіпсіздік қызметі мен ер адамның арасындағы кикілжің 9 сәуірде болған.

«Күзет қызметінің екі қызметкері келушіге түрлі дене жарақаттарын салған. Салдарынан жабық бас сүйек-ми жарақаттарынан түнгі клуб келушісі көз жұмды. Қазір оқиға бойынша фактілер тіркеліп, Алмалы аудандық ІІБ-ныі тергеу бөіліміне жіберілді. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Белгілі болғандай, ер адам 1985 жылы туған, ұжымымен бірге тойлатуға келген», - деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД ресми өкілі салтанат Әзірбек.

Күзетшілердің бірі бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынған. Екіншісі әзірге қамауда емес. Оларға қатысты сотқа дейінгі Қылмыстық кодекстің 106 «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» Бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Связанные Статьи