Семейдің әкімі борышкерлерге өзі телефон соғып, қарыздарын төлеуді сұрап жүр (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709003817270_small.jpg

Семейдің әкімі жылуға қарызы бар тұрғындармен жаңаша күрес жүргізе бастады. Ермак Сәлімов жұмыстан қолы қалт еткенде борышкерлерге өзі хабарласып, төлемақыны тезірек қайтаруды өтінеді.

Бұл туралы Qamshy.kz  24 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Демалыс күндері әкімнің өзі қоңырау шалған 15 адамның арасында қарызы 200 мың теңгеге дейін жеткендер де бар. Қазір қала бойынша жылуға қарыздың жалпы көлемі 600 миллион теңгеге жетеқабыл.

Әкімнің ойынша, енді бұл көрсеткіш едәуір төмендеуі тиіс. Өйткені көптеген тұрғынқала басшысына 9 мамырға дейін берешегін төлейміз деп уәде берген.

"Кейбіреулері шынымен әкім бе қоңырау шалып тұрған деп, таңдана сұрайды. Кейбіріне бәрібір. Ал келесі біреулері қарыз екендерін мойындай келіп, төлемейтіндерін айтады. Қарыздарды тезірек жинауымыз керек. Уақыт тығыз, сондықтан мен де бұл жұмысқа белсенді кірісіп кеттім, адамдар осыны түсінсе, шіркін!", - дейді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Связанные Статьи