Ресей Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өлкесіне Қазақстан аумағы арқылы су айдамақ, - деп хабарлайды Qamshy.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Ресей ауылшаруашылық министрі Александр Ткачев Қытайдың Шыңжаң өлкесіне тұщы су айдауға әзір екендіктерін мәлімдеді. Бұл шаруа екі тарап келіссе, Қазақстан аумағы арқылы жүзеге аспақ екен.
«Біз Ресейдің Алтай аймағынан Қытайдың құрғақшылыққа ұшырап отырған Шыңжаң Ұйғыр автономиясына Қазақстан Республикасы арқылы су айдау туралы жобаны жүзеге асыруға әзірміз. Жақын күндері осы мәселеге орай Қазақстан тарапымен кеңесеміз», - дейді А. Ткачев.
Ресейлік министр екі елдің сарапшыларына осы мәселеге орай өзара кеңесіп, нақты материалдар алмасуға кеңес береді.
РФ Ауылшаруашылық министрлігі мелиорация департаменті Алтай аймағының су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында Қытайға 70 миллион текше метр су айдауды ұсынып отыр.