Бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов 15 жастан асқан оқушылар үшін мектеп формасын алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Qamshy.kz NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап.
" 15-ке толмағандар үшін мектеп формасы ауадай қажет. Ал 15 жастан кейін балалар өз көзқарастарын көрсете бастайды. Олар тұлға ретінде қалыптасып, өзінің өзгелерден ерекше екенін көрсеткісі келеді. Біз оларға бұл тұрғыда қолдау көрсетуіміз керек. 15 жастан кейін міндетті мектеп формасын талап етуге болмайды", - дейді Әбенов.
Ол мектеп формасы ел имиджін қалыптастыру үшін міндетті түрде Қазақстанда тігілуі керектігін алға тартты.
"Мектеп формасы Қазақстанда сапалы бірақ қымбат емес маталардан тігілуі керек. Мұның еш қиындығы жоқ. Ол қолымыздан келеді деп ойлаймын", - дейді Әбенов.