Ақтөбеде ауру малдың еті ет комбинатына өткізілуде

/uploads/thumbnail/20170709004910076_small.jpg

Ақтөбе облысының Әлия ауылында белгісіз мал ауруы белең алды. Ірі қараның сілекейі ағып, қызуы көтеріледі екен. Ветеринарлар нақты диагнозы анықталмаса да, 450 бас сиырды сойып тастаған. Ірісін ет комбинатына өткізіп, баспақ-бұзауын орға көміп жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап,

Ал зертханалық сынама қортындысы апта соңына таман әзір болмақ. Малмен жан бағып отырған Әлия ауылы тұрғындарынан бірнеше күннен бері маза қашқан. Қазір қорасындағы мүйізді ірі қарасы мен ұсақ малын етке өткізуге мәжбүр. Өйткені бір апта бұрын бұзаулардың сілекейі ағып, ыстығы көтерілген. Артынша осындай белгілер сиырлардан да байқалыпты.

Індет таралмас үшін жайылымдағы барлық Зеңгі баба тұқымын жоқ қылу туралы ветеринарлар шешім шығарған. Алғашқыда бұған тұрғындар қарсы болыпты. Кейін өтемақыға келісіп, оны ет комбинаты есебінен төлеп жатыр.

"Бұл мал қайта өңдеуге жатады деп мамандар біздерге айтып жатыр. Осы мақсатта облыстағы өңдеу мекемелерімен келісіп, осылар келіп тірілей, еттей келісін 900 теңгеден алып жатыр" дейді Қобда ауданы әкімінің орынбасары Болат Құлов.

Пастереллёз бен лестериоз деген екі ару болуы м.мкін екенін, оның дақты дәлелі лабораториядан кейін белгілі болатынын айтады Ақтөбе облысы аумақтық ветеринарлық бақылау инспекциясы.

Связанные Статьи