Елімізде жергілікті бюджеттен отан соғысы ардагерлері мен тылда еңбек еткен ардагерлерге бір реттік жәрдемақы ретінде 2,6 миллиард теңге бөлінді,-деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.
Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәлім етті. Бүгінде Қазақстанда 3600-ден асатын соғыс ардагері мен 176 мыңдай тылда еңбек еткен ардагерлер тіркелген.
Былтыр ел қазынасынан бұл жәрдемақы түріне 5,8 миллиард теңге қаржы бөлінген. Биыл ардагерлерге қаржылай көмек жергілікті бюджетке жүктеліпті. Ең қомақты жәрдемақыны астаналық соғыс ардагерлері иеленбек. Астана әкімдігі әр ардагерге 1 миллион теңге береді. Ал Өскемен қаласында тұратын майдангер қарттар 500 мың теңге алады. Өзге аймақтарда әрбір ардагерге 150 мың теңге қарастырылған.