Бауыржан Әбдішев бостандыққа шықты

/uploads/thumbnail/20170709013134119_small.jpg

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі, үш жылға бас бостандығынан айрылған Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Б. Әбдішевтің өтінішін сот кеше қарауды бастады. Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жұмақұл Шөженов экс-әкімнің мерзімінен бұрын босату туралы жазған өтінішін қанағаттандырды.

«Әбдішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, 1 жыл 4 ай 4 күн мерзімді пробациялық бақылау бекітілсін», - делінген сот қаулысында.

Алайда, Б. Әбдішевтің бостандыққа шығуы үшін шамамен 15 күнге созылатын кейбір процедуралық шаралардан өтуі керек екен.

Связанные Статьи