Оралдық белсенді Жанат Есентаевты қамау мерзімі екі айға ұзартылды

/uploads/thumbnail/20170709013200166_small.jpg

Оралдық белсенді Жанат Есентаевты қамау мерзімі екі айға ұзартылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Орал соты ҚР Қылмыстық кодексі 174-бабы бойынша «Араздық туғызды» деген айыппен үш күнге қамауға алынған белсенді Жанат Есентаевті сотқа дейінгі тергеу барысында екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сейсенбі күні Жанат Есентаев үш күнге қамалып, үстінен ҚК-нің 174-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Ж. Есентаевтан басқа да бірнеше адам еліміздің әр өңірінде рұқсат етілмеген митингке шақырды деп айыпталып, әкімшілік қамауға алынды.

Связанные Статьи