"Нұр Отан" партиясының Мақтаарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Әлеуметтік қолдау - әлеуетті қолдау" атты акциясы болып өтті.
"Нұр Отан" партиясының XVII съезінде қабылданған 2021 сайлауалды бағдарламасында "Тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау" туралы міндеттемелер қабылданған болатын. 2007 жылдан бері үздіксіз орындалып келе жатқан бағдарламаның Жетісай қаласында жалғасқанына куә болдық.
"Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" демекші, NM "Нұр-Мед" ЖШС құрылтайшысы Тайманов Медет Тойлыбайұлы Мақтааралдың көмекке мұқтаж жұртына қайырымдылық көрсете отырып, халқына жүрек жылуын сыйлады.
Сондай-ақ, көмекке мұқтаж жандарға сән-салтанатты дастархан жайып, ән мен күйге бөледі.
Көркем Аблаева, ОҚО